2023 жылдың 19-21 сәуір күндері аралығында Түркістан облысында «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында Солтүстік өңірлерге «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ өтеді.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар, Абай облыстарының жұмыс берушілері Түркістан облысының жұмыссыз азаматтарына бос вакансиялар ұсынады. «Қоныс аудару» жәрмеңкесі Мақтарал, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласында ұйымдастырылады.
Мақсат — еңбек ұтқырлығын арттыру, көшуге ниетті азаматтарға ұсынылатын материалдық көмектер мен берілетін жеңілдіктер туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Түркістан облысы әкімдігі ұйымдастыруымен өтетін жәрмеңкеде өңіріміздің жұмыссыз азаматтарына 4 өңір бойынша 3934 бос вакансия ұсынылады.
• 19 сәуір күні сағат 11.00-де Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Жастар орталығының ғимараты, С.Жаштаев көшесі, №80 үй (Жетісай, Шардара, Сарыағаш, Келес аудандарының тұрғындары қатыса алады);
• 20 сәуір сағат 10.00-де Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Рүстемов көшесі, №97 үй (Төлеби, Түлкібас, Бәйдібек аудандарының тұрғындары қатыса алады);
• 21 сәуір сағат 10.00-де Түркістан қаласы, «Farab» көпфункционалды кітапханасында өтеді (Кентау қаласы, Сауран, Отырар, Ордабасы аудандарының тұрғындары қатыса алады).


