2022 жылы қарттар күні мерекесіне орай, Түркістан қаласында «Белсенді ұзақ өмір» орталығы қолданысқа берілді.
Бүгінде орталық зейнет жасындағы тұрғындарға белсенді өмір сүрудің түрлі көмектерін көрсетуде.
Атап айтқанда, зейнеткерлерге дәрігердің бақылауы мен кеңесі бойынша психологиялық көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және теннис ойын алаңы, қосымша би, ән т.б үйірмелері қызмет етеді.
Одан бөлек, бір қолданысы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық ерекше массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем ұсынылады.
Көрсеткіштерге сәйкес, жыл басынан бері орталықта үш жүзден аса қарияға көмек көрсетілген.


