kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «NEKE TOUR» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРҒАН 15 ЖҰП МАРАПАТТАЛДЫ

15 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА  «NEKE TOUR» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРҒАН 15 ЖҰП МАРАПАТТАЛДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Түркістан қаласына «Neke tour» республикалық байқауының жеңімпаздары келді. Ерлі-зайыпты 15 жұп неке қию рәсімін жандандырып, киіз үйлерде некесін қидырды. 15 сәуір – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне орай ұйымдастырылған шараны Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков ашып беріп, байқау жеңімпаздарын марапаттады.
– Биылғы жылы Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отырған «Қозы көрпеш- Баян сұлу» күні қасиетті шаһарда ерекше форматта атап өтілуде. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған «Neke tour» республикалық байқауы қоғамның ерекше қызығушылығын тудырды. Ел көлемінде алғаш рет ұйымдастырылған жобаға 345 жұп өтінім беріп, байқаудың маңыздылығын арттырды. Бұл отау құрған жұптардың сенімді, махаббатты серік еткен беріктігі мен қасиетті Түркістанға деген құрметі деп білемін. Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы сыйластық, татулық, сенім сияқты асыл қасиеттерді басты ұстаным етіп алған байқаудың үздіктері бүгін арамызға келіп отыр, – деген ол көпшілікті мерекемен құттықтады.
Түркістан қаласының бас имамы некелерін жаңа қиған жанұяларға отбасылық өмірдің жауапкершілігі туралы түсіндіріп өтті.
«Шаңырақ» номинациясы бойынша Шыңғыс Нұрғазы мен Асылтас Рахи жеңімпаз атанды. «Махаббат» номинациясы бойынша Тимур Шантиев пен Гүлсара Маженова, Бауыржан мен Айман Утаевтар, Нұрлан Тайғанов пен Жасмин Түменбаева, Алмат мен Ақнұр Кәден; «Ару» номинациясы бойынша Бекзат Бейсенбаев пен Аян Ахметова, Дархан Қорғанбек пен Сандуғаш Төлеуова, Нұрперзент Нұрланов пен Жібек Бескепе, Қанат Шәкәрім мен Сағымбек Мереке; «Жанұя» номинациясы бойынша Елдос Дүйжанов пен Галина Серікбаева, Бақдәулет Шахатай мен Аделия Жолдыбай, Қайсар Түйінбеков пен Саяжан Иман, Жандос Сапарғали мен Акбота Ғазез, Саттар Шаймерден мен Нұргүл Берістенбек марапатталды.
Түркістанға жолдама алған жеңімпаздарға екі күн бойы құрмет көрсетіледі. Мәселен бүгін романтикалық кешкі ас, фотосессия және мәдени бағдарлама ұйымдастырылса, ертең қаланың көрікті орындары мен қала маңындағы киелі жерлерге зиярат ету жоспарланған.
Еске сала кетейік, Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының «Open Turkistan» туристік-ақпараттық орталығы аталмыш байқауды жариялаған болатын. Байқау шарттары бойынша, 3-9 сәуір аралығында ерлі-зайыпты жұптар neke-turkistan.kz порталы арқылы қатысуға онлайн-өтінім жолдаған.
«Байқау туралы біліп, көптеген ерлі-зайыпты жұп қатысуға өтінім жібергеніне қуаныштымыз. Мұндай белсенділік жастардың өз халқының мәдени және рухани құндылығына деген құрметі, сол салт-дәстүрмен өмір сүруге деген құлшынысы байқалады. Неке қию рәсімінің қасиетті мән-мағынасы баянды әрі бақытты отбасылық өмірге жақсы негіз болады», дейді ұйымдастырушылар.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» КӨШІН ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫМЕН ЖАЛҒАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ IT УНИВЕРСИТЕТІН АШУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі