Бүгін секторларда өткен кездесулердің нәтижесімен аппараттық мәжіліс өтті. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков әсіресе сектор жетекшілерінің жұмысын сынға алды:
— Халықпен байланыс тиісті деңгейде емес. Сіздердің құзіреттеріңіздің деңгейінде шешілетін мәселелер менің алдымда көтерілгені өз міндеттеріңізді әлі де жете атқара алмағандарыңызды білдіреді. Биыл әр секторға жоспарланған тірліктердің тізімі мен мерзімі ғимаратта ілініп тұруы қажет. Жұрт бұл жаңалықтардан бейхабар, — деді қала басшысы өз сөзінде.
Сонымен қатар, бүгінге дейін созбалаңға салынып, орындалмаған тапсырмаларға жауаптылардың жауапкершілігі қаралды.
Кездесу барысында берілген тапсырмалар бойынша арнайы тапсырма-жоспар бекітіліп, орындалуын бақылау әкімнің орынбасарларына жүктелді.
