
Үш күннен бері жалғасқан қала әкімінің тұрғындармен ашық алаңда кездесуі — Бекзат секторында жалғасты.
Тұрғындар көкейкесті сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.
Қоғамдық көлік және аялдамалар саны арттырылса деген сауалға шаһар басшысы жол бойынша атқарылар бірқатар жоспарды бөлісті:
— Биыл орталықта жол саласы мен инфрақұрылым мәселелеріне басымдық берілді. Соның бірі — жыл соңына дейін қаладағы автобустардың 70 пайызын жаңарту жоспарланған. Және екі жүзден астам аялдама салынады, — деді, қала әкімі өз сөзінде.
Одан бөлек, тұрғындардың мәселесі саябақтардың көгалды күтімі аясында өрбіді. Секторда орналасқан саябаққа күтім жасаушы мамандар қажет. Бұл мәселе сол мезетте шешіліп, арнайы жұмысшылар қойылатыны айтылды.
Сондай- ақ, интернет желісі бойынша көтерілген мәселеге қатысты облыстық «Цифрландыру» басқармасына ұсыныс жолданып, қаралатыны жеткізілді.

