
Түркістан облыстық «Полиция департаментінің бастығы» Мұрат Қабденовтің төрағалығымен “ҚР Президенті мен ҚР ІІМ тарапынан беріліп жатқан тапсырмалар мен орын алып жатқан оң өзгерістерді барлық жеке құрам назарына жеткізу, тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы” маңызды жиын өтті.
Жиынға облысқа қарасты 17 ауданның жеке құрамы мен консультативтік кеңесші органның мүшелері, Аппараттың басқарма, бөлім басшылары, Ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Түркістан қаласындағы Конгресс хол залына ұйымдастырылған жиынды өңірдің бас полицейі жүргізді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының полицияға қатысты айтқан тапсырмалары, ішкі істер министрінің берген нұсқаулары бар және өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған полицейлердің ұсталуы бейнеленген бейнероликтер көрсетілді.
Одан бөлек, жиында М. Ермеков, О. Жанқожаев, С. Таңатбаев сынды ардагер полицейлер сөз алды. Олар қызметте жүрген полицейлермен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін жеткізді.
Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да ұдайы іске асып, “жұртқа жақын полиция қағидаты” жүйелі жалғасады.
