Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков БАҚ өкілдерімен кезекті кездесуін өткізіп, қалада атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндады.
Баяндамада жыл басынан бері қалада атқарылған жұмыстар айтылды.
2022 жылғы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шқ. (39,5 %) құраған болатын.
2023 жылдың қорытындысымен, орындалған орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, 399,34 шқ. (47,2%) асфальт жол, 445,6 шқ (52,8%) тас жол құрайтын болады.
2022 жылы қала аумағындағы сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 48,6 шақырымды құрайтын 42 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта соның 17,1 шқ құрайтын 18 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек, 2022 жылы жалпы құны 19,2 млрд.теңгені құрайтын 4 нысанның құрылысы бастау алған. Олар: Ә.Жангелдин көшесі, І.Қожабаев көшесі, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол және Қалаби көшесі.
Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол (тротуар), веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі.
Халықпен кездесу барысында Бекзат мөлтек ауданында темір жол үстінен жаяу жүргіншілер көпір салуды сұраған болатын. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 2 жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталуда.
2023 жылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша және т.б.) баратын және соларға қосалқы жатқан, жалпы 42 шақырымды 43 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда оның 16,7 шақырым құрайтын 22 көшесінде құрылыс аяқталды.
Сонымен қатар, қала аумағындағы топырақ жолдардың санын азайта отырып, тас төселген көшелердің санымен сапасын арттыру мақсатында қала аумағындағы 6 секторда ақпан айынан бастап тас төсеу жұмыстары басталған. Қазіргі таңда 56 шақырымды құрайтын 65 көшеге тас төселген.
2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары 65,7 шақырымды құрайтын 48 көшеде жүргізіліп, нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 47,2 пайызға жетеді.


