Түркістан қаласында төртінші рет «Дәмді Түркістан» қалалық фестивалі өтті. Фестивалде шаһардағы тамақтану орындары (мейрамхана, ресторан) бақ сынасты.
Облыс орталығындағы қызмет көрсету орындарының сервистік қызметін дамытуға бағытталған шарада қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы құттықтау сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс нәтижесі бойынша, «Астау» ұлттық тағамдар мейрамханасы «Ең үздік ұлттық тағам әзірлеуші» номинациясын алды.
Сондай-ақ, «Айжамал тәттілері» және «Ranocakes» тәттілері мейрамханалары — Үздік десерт наминациясымен марапатталды.
Ал, фастфуд өнімдері жарысында «Maki Maki» мейрамханасы оқ бойы озып шықты.
