kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «БЕУ, ҚЫЗДАР-АЙ!» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТЕДІ

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Мамырдың 1-2 және 7-8 күндері Түркістан музыкалық драма театры алғаш рет музыкалық комедия «Беу, қыздар-ай!» қойылымының премьерасын көрерменге ұсынады.
Осыған орай, бүгін аталған театрда баспасөз конференциясы өтті. Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың бұл комедиясы Кеңес заманында Социалистік Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваға арнап жазылған шығарма. Шығарманың сахнаға шыққанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, әлі де өз көрерменін жоғалтпаған.
«Бір ай уақыттың ішінде осы «Беу, қыздар-ай!» шығармасына дайындық жүргізілді. Қойылымның 40-50 жылдық тарихы бар. Шығарма ескілеу болғандықтан, біз оны қазіргі заманға лайықты етіп 40 пайызын жаңарттық. Бірақ, түпкі мазмұны сол қалпында қала бермек. Бұл туындыдан көрермендер ғашықтар, жастар жайында әдемі бір дүниені көре алады. Спектакль жанды дауыста және балет әртістерімен бірге қойылатын музыкалық шығарма болғандықтан бұрынғы шығармалардан ерекшеленіп, жаңашыл бағытта ұсынылмақ. Алғаш рет заманауи бағытта қойылатын туындымызға барлық облыс, қала тұрғындары мен қонақтарын тамашалауға шақырамыз», — деді жас режиссер және актер Олжас Жақыпбек.
Айта кетсек, заманауи бағытқа өзгертілген «Беу, қыздар-ай!» спектаклі әлеуметтік желінің белең алуын, ауылдағы білікті мамандардың тапшылығы мен жастардың өзіне лайықты теңін табуының қиындығы секілді мәселелерді көтерген.
Алдыңғы жаңалық

БИЫЛ ТҮРКІСТАННАН АБУ-ДАБИГЕ ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСІН АШУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Келесі жаңалық

АРМАН - АДАМҒА ҚАНАТ БІТІРЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі