kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ РЕАЛИТИ ШОУ-САЙЫСЫ ӨТТІ

12 мая, 2023
in Жаңалықтар, Спорт, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА  «АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ РЕАЛИТИ ШОУ-САЙЫСЫ ӨТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан, қала жастары арасында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити шоу-сайысы өтті. Жастар арасында салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен рухани қасиеттерді дамыту мақсатында ұйымдастырылаған байқау төрт кезеңнен тұрды.
Атап айтқанда: I кезеңде ұлдар арасында ұлттық ойыннан жарыс өтсе, қыздар ұлттық тағамдар әзірледі. II кезеңде командалар салт-дәстүр мен тарих аясындағы сұрақтарға жауап беруден сайысты. III кезеңде ұлттық қолөнер жасаудан бақ сынасса, IV кезеңде ұлдар қой қырқып, қыздар ұлттық тағамдарды ұсынып, көпшілікті тәнті етті.
Тапқырлығы, командалық жұмысымен және өнерімен көзге түскен топтар жүлделі орындардан көрініп, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Қазылар алқасының шешімінің нәтижесі бойынша бас жүлдені «Қазығұрт» командасы қанжығалады. I орынды «Созақ» командасы жеңіп алса, II орыннан «Отырар» командасы көрінді. Жүлделі ІІІ орынды «Сауран» командасы місе тұтты. Ал «Үздік топ» номинациясы «Бәйдібек» командасына бұйырса, «Үздік ойыншы» түркістандық Қалдыбай Әлия атанды.
Алдыңғы жаңалық

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ТӨРІНЕ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КӨШІ КЕЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі