kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА «БОЛМАҒАН ОҚИҒА» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

17 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА «БОЛМАҒАН ОҚИҒА» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрында украиндық драматург Мария Ладоның «Болмаған оқиға» драмасы сахналанды. Премьераға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан мен зиялы қауым өкілдері, театр сүйер қауым қатысты.
Қойылымда әлем дамыған сайын адам баласының қатыгездігі қатар дамып жатқаны туралы баяндайды. Ал жер бетіндегі хайуандардың адамнан мейірімді, жүрегі жұмсақ екенін біз біле бермейміз. Білсек те өзімізді жоғары санап мойындамаймыз. Неге? Міне, жауабы жоқ сұрақтарға театр әртістері сахна арқылы жауап беруге тырысты.
Қойылымнан соң басқарма басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы, айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева құттықтау сөз сөйлеп, театр ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Ал театр басшысы Ержан Исатаев келген қонақтарға, театрға келген барша көрермен мен әртістерге алғыс білдірді.
Шығарманы қазақ тіліне аударған Құжырғали Төлеуішев. Театрдың көркемдік жетекшісі – А.Наурызбаев. Қойылым режиссері – Махамбет сыйлығының иегері М.Томанов, суретшісі – Қ.Шериев. Рөлдерді К.Аштекова, Ә.Жұман, Ж.Адырбекова, Ж.Маханов, А.Ильясов, Ғ.Бейсенбаев, М.Құрманбеков, А.Индемесова, Ж.Сейдахметова, Т.Қарынбаев, Б.Шаймахан сынды театр әртістері сомдап шықты.
Еске сала кетейік, премьера 18 мамыр күні де өтетін болады. Өнер сүйер барша көрермен театрдан мән-мағынаға толы қойылымды тамашалай алады.
Алдыңғы жаңалық

БЕКЗАТТЫҚТАРДЫҢ ӨТІНІШІНЕ СӘЙКЕС...

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА "АРАЙ" БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі