Шауғар секторындағы қала әкімінің кездесуінде көтерілген мәселелердің бірі- көше жарықшамдарын орнату. Аталған мәселе аясында сектордағы 104 көшені жарықшаммен қамту жоспарланды.
Жыл басынан бері, 48 көшені жарықшаммен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, қала әкімінің жыл басынан бергі кездесуінде Шауғар секторы тұрғындарының 105 өтініші орындау кестесіне қойылды.
Орындалу көрсеткіштерге сәйкес, Шауғар секторының Атажұрт көшесіндегі жол сапасы реттелуде, Сейхун, Жезқазған көшесіне тас төселді. Сарыжайлау көшесінде кәріз жүйесін іске қосылып, С.Асфендияров көшесіндегі электр желілері жұмысы күшейтілді.
Сондай-ақ, Өскемен көшесінде кәріз жүйесі шұңқырлары беті жабылып, Т.Рамбердиев, С.Асфендияров, Алматы, Құмкент көшелеріндегі тазалық жұмыстары күшейтілді.
Одан бөлек, Абылай хан көшесінің бойындағы ойын алаңшасына көгалдандыру жұмыстары жасалуда. Сарыжайлау көшесіндегі электр бағаналары орны ауыстырылып, А.Токмаганбетов көшесіндегі электр жүйелері ауыстырылуда.
Тұрғындардың өтінішімен, №5А, №2 автобустарының жүру бағытын ұзарту ұсынысы қаралуда. Және Ж. Майкотов көшесі мен Жаңа қаланың арасына №16 автобус бағыты қосылды.
Тұрғын алабтың Ж. Майкөтов көшесінде (Нұр Хаус) кафесі жанындағы кәріз жүйесі кіргізілмеген бірнеше тұрғын үй анықталып, инфрақұрылым (ауыз су, сарқынды су) жүйесі кіргізілді. Сарыжайлау көшесінің тұйығы ашылып, ретке келтірілді.



