kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

19 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандағы «Ұлы Дала Елі» орталығында 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Ашық есік күні» және «Музей түні» акциясы аясында «Ұлы істердің ұйытқысы – Ұлы Дала Елі орталығы» атты мерекелік кеш өтті. Аталмыш шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, музей қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
– Әр мемлекеттің өркендеуіне, жалпы өркениеттің дамуына музейдің ықпалы зор. Музей – мәдениет пен тарихтың айнасы, өткен мен келешектің тоғысуы. Елдің рухани және материалдық байлығы. Қазіргі таңда Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты облыстағы 24 музейде 190 мыңдай экспонат бар. Өңірімізде осы салада игі істер атқарылып, ауқымды шаралар жоспарланған. Осынау айтулы күнде еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деді Бейсен Дәулетұлы.
Шара барысында Түркістан қаласы мен Сауран ауданының өнерпаздары ән шырқап, би биледі. Таңнан бастау алған түрлі шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Атап айтсақ, облыстық «Farab» кітапханасы еліміздегі музейлер, ескерткіштер, тарихи нысандар жайлы кітаптардан «Музей – тарих пен тағылымның ордасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырып, Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебінің ұйымдастыруымен қолөнер шеберлерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар музей қонақтарына тылсым талантының қуатымен тарихты тірілтіп жүрген таңдаулы қолөнершілерінің бірі Абай Рысбаев арнайы шеберлік сағатын өткізді.
Атаулы мерекеге орай орталық қызметкерлері кешке келген барлық көрерменге бауырсақ үйлестіріп, дәм ұсынды.
Жастардың музейге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен «Музей түні» акциясын облыстық «Жастар ресурстық орталығының» өнерпаздары қорытындылады.
Алдыңғы жаңалық

«БІРЛІК» СЕКТОРЫНДАҒЫ 49 КӨШЕГЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІТАНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі