kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮЛКІБАСТЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

20 мая, 2023
in Білім, Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАСТЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Өңіріміздің қасиетті бас шаһарында Түлкібас ауданының мәдени күндері «Өнерлі өлке» атты түрлі жанрдағы гала-концертімен бастау алды.
Облысымыздың бас қаласының көзайымына айналған «Керуен сарайы» кешенінде өтіп жатқан мәдени шараға Қазақстан Республикасы эстрадасының жарық жұлдыздары, Түлкібас ауданының төл перзенттері Сәкен Қалымов, Индира Расылхан, Жазира Аралбаева, Мамадияр Таукиев бастаған аудан өнерпаздары ән шырқап, концерт көркін аша түссе, Түлкібас ауданының Мақталы халық театрының сатиригі Мамыр Есбергенов көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Облыс мәслихатының депутаты Нұрайым Шахымергенқызы және аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов келген қауымға ыстық лебізін білдіріп, киелі шаһарымыздың 5 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Айта кетейік, облыс орталығының құрылғанына 5 жыл толуына орайластырылған мәдени күндер барысында 20 мамыр күні сағат 11:00-17:00 аралығында этноауыл кешенінде «Қол өнерім — қазақтың төл өнерім» атты фото, қылқалам, қолөнер шеберлері, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының және Сайрам өгем мемлекеттік ұлттық паркінің этнографиялық көрмесі және спорттық ойындардан көріністер, 21 мамыр күні сағат 11:00-17:00 аралығында этноауыл кешенінде «Салт-дәстүр сан ғасырлық саф мұра» атты ән, жыр мен ұлттық салт-дәстүрден қойылымдар ұйымдастырылады.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІТАНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ГРЭППЛИНГТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі