kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

22 мая, 2023
in Билік, Жаңалықтар
0
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Түркістанда 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесі аталып өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, өнер және мәдениет саласының үздіктері қатысты. Облыс әкімінің орынбасары сала мамандарын құттықтады.
– Бүгін – жауапкершілік арқалап келе жатқан жандарға алғыс айтатын айшықты күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына айрықша мәртебе беру мәселесін көтерді. Бұл ретте, Түркістанның рухани, мәдени әлеуетін көтеруде, тың идеяларды жүзеге асыруда сіздерге артылар жүк ауыр. Қоғам сіздерден шалқар шабыт пен шығармашылық табыс күтеді. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының мәдениет саласына деген ыстық ықыласы мен қолдауының арқасында өңірде ауқымды мәдени жобалар іске асып келеді. Бүгінде облыста 700-ге жуық мәдениет және өнер мекемесі түрлі шараларды жоғары деңгейде өткізіп жүр. Осы аптада Астана қаласындағы Түркістан облысының мәдениет күндері өтпек. Халықтың көңілінен шығып жүрген сіздерге зор алғысымды білдіремін, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Мерекелік шарада өңір мәдениетінің дамуына еңбегі сіңген сала мамандарына «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі тапсырылды. Сондай-ақ бірқатар мәдениет және өнер қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, Түркістан облыстық мәслихатының және «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының марапатымен, Облыстық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының және Облыстық мәдениет және туризм басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Шара барысында өнерпаздар ән мен күйден шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай жыл басынан бері ауқымды жобалар іске асып, ел игілігі үшін мәдени-рухани шаралар өтіп жатыр. Соның ішінде «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» ұйымдастырылып, Тараз және Алматы қалаларында қаламгерлер бас қосты. Келесі руханият көші Астанада жалғасады. Сонымен қатар «Өнерлі өлке» өнер фестивалі аясында әр апта соңында Түркістан қаласында аудан-қалалардың мәдениет күндері өтіп жатыр.
Алдыңғы жаңалық

ЯССЫ СЕКТОРЫ САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛУДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ РАПИД ЖӘНЕ БЛИЦ ТҮРЛЕРІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі