Облыс орталығында тұрғындар арасында спортты дамытудың түрлі жобалары жүзеге асуда.
Соның бірі — Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы шаһардағы ашық алаңдарда тегін жаттығу сағаттарын жүргізуде.
Қаланың 48 ашық алаңында ұйымдастырылған жаттығу сағаттарына 6-17 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.
Бүгінде спорт клубының 28 спорт нұсқаушысы арнайы белгіленген ашық алаңдарда баскетбол, футбол, стритбол сынды спорт түрлерінен жаттығу сағаттарын өтуде.
Әр ашық алаңда ойындар аптаның дүйсенбі- жұма күндері, сағат 17:00-21:00 аралығында жалғасады.
Аталған спорт клубында тегін үйірмелер де қарастырылған. Онда футбол, стритбол, үлкен теннис сынды спорт түрлерінен 6 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер жазыла алады.
Облыс орталығында бірқатар спорттық шараларды ұйымдастырып жүрген спорт клубында бүгінде 28 спорт нұсқаушысы, 20 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Спорт нұсқаушыларының еңбек өтілі 3 жылдан басталса, жаттықтырушылары спортта 5 жылдық тәжірибесі бар мамандар.
Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» үйірмелеріне, жаттығу сағаттарына жазылу бойынша 8707 222 17 10 Фаризаға хабарласа аласыздар



