Түркістан қаласында кезекті қала бірінішілігі ойындары басталды.
«Біз нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен ұйымдастырылған жарыста 16-18 жас аралығындағы қыздар қатысуда.
Ойында облыстың түкпір-түкпірінен келген, атап айтқанда, Шардара, Келес, Сайрам, Сауран аудандары мен Түркістан және Шымкент қалаларынан жиналған 10 команда жүлделі орындарды сарапқа салады.
Шараның ашылуына Түркістан қалалық «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Абзалұлы мен Түркістан қалалық мәслихаты депутаты Жандос Жұмадуллаұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Бәйге Түркістан қалалық №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінде 29- мамырға дейін жалғасады.



