Волейболдан Түркістан қалалық біріншілігі ойындарының жеңімпаздары анықталды.
«Біз нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен ұйымдастырылған жарыста 16-18 жас аралығындағы қыздар қатысты.
Ойында облыстың түкпір-түкпірінен келген, атап айтқанда, Шардара, Келес, Сайрам, Сауран аудандары мен Түркістан және Шымкент қалаларынан жиналған 10 команда жүлделі орындарды сарапқа салды.

ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША
1-орын Түркістан қалалық №4 Балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің командасы
2-орын Сайрам ауданы «Қарасу спорт клубы»
3-орын Шымкент қаласының командасы

