kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС БАЛУАНДАР Х.АҚҚАЛИЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

29 мая, 2023
in Білім, Жаңалықтар, Спорт
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС БАЛУАНДАР Х.АҚҚАЛИЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан ның құрылғанына 5 жыл толуына орай грек-рим күресінен КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы Хайс Аққалиевті еске алуға арналған ХVI республикалық турнирі өз мәресіне жетті.
Аталған турнир 2006-2008 және 2009-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында 2007 жылдан бері жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Ел чемпионатының ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Білікті бапкердің ұлы Серғали Аққалиевтің айтуынша, байрақты бәсеке балуандардың шыңдалып, Әлем чемпионы атанудағы жеңісті жолының бастауы болары анық.
Талай таланттың томағасын сыпырған Хайс Аққалиев 1935 жылы 26 тамызда ОҚО, Кентау қаласы, Ащысай кентінде дүниеге келген. КСРО-ға және Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, бірінші Халықаралық дәрежелі төреші. Хайс Баянғалиұлы Түркістан қаласындағы бұрынғы Ленин атындағы, қазіргі А.Байтұрсынов атындағы орта мектепті бітірген.
16 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жарысқа республикамыздың түкпір-түкпірінен, өңірдің аудан-қалаларынан келген 400-ге жуық балуан бақ сынады. Басты мақсат – бұқаралық спортты дамытып, жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Әбдісалан Нұрмаханов атындағы облыстық спорт мектебінің грек-рим бөлімінің аға жаттықтырушысы Нұржан Асилбековтің сөзінше, жүлдегерлерге медальдар мен бағалы сыйлықтар ұсынылды. Жарыс қортындысы бойынша түркістандық балуандар 1-орынды, шымкенттік сайыпқырандар 2-орынды, жетісайлық дарабоздар 3-орынды иеленді.
Алдыңғы жаңалық

«KITAPХАН@» ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖҮЗГІШТЕР ПАРАСПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі