kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

10 июня, 2023
in Жаңалықтар, Руханият, Қоғам
0
«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің көшін Сарыағаш ауданы жалғады.
Этноауыл аумағында «Асыл мұра» атты қолөнер және қылқалам шеберлерінің көрмесінен бастау алған ауданның мәдениет күндері қала тұрғындары мен қонақтарын тамсандырды.
Рухани-мәдени шара аясында ұлттық салт-дәстүр мен ғұрыптардан, атап айтқанда әлпештеу жырлары, дуалы ауыздан бата алу, танабау тағу, естелік үлестіру, қызды оң босағаға отырғызу секілді көріністер көрсетілді. Ал сахнада ойын-сауық түрлері де келушілерді бейжай қалдырмады. Сонымен қатар терме, халық әндері мен дәстүрлі әндер орындалды. Мұнда ұлттық спорт ойындары да шет қалмады. Асық ату, ләңгі тебу, жаяу тартыс пен хан алшыдан сайыстар өткізіліп, шетелдік туристердің қызығушылығын тудырды.
Өнер фестивалі аясындағы Сарыағаш ауданының мәдениет күндері 3 күнге жалғасады. 10 маусым күні сағат 15:00-20:00 аралығында Этноауыл аумағында «Сарыағаш сыйы» атты Сарыағаш ауданында өндірілген өнімдер мен ауылшаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке-көрме өтеді.
Шара аясында терме, халық әндері мен дәстүрлі әндер орындалып, арқан тартыс, қошқар көтеру, қазақ күресі, кір тасын көтеру сынды ұлттық спорт ойындарынан келушілер арасында сайыстар ұйымдастырылады.
Ал 11 маусым сағат 20:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында «Өнерлі өлке» атты өнер жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт мәдениет күндерін қорытындылайтын болады.
Концертте Сарыағаш ауданынан шыққан өнер жұлдыздары ҚР Мәдениет қайраткері Медеу Арынбаев, белгілі кино және театр актері Мейірғат Амангелдин, «Саялы Сарыағаш» этно фольклорлық ансамблі, Сапаховтар отбасылық ансамблі және ауданның көркем өнерпаздары өнер көрсетеді.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ІСТЕЛУДЕ

Келесі жаңалық

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі