Түркістан қаласында көгалды аумақтарды аэрация әдісімен суару жүйелі жалғасуда.
Арнайы көліктермен суару жұмыстары күніне 2 рет: 7:00-11:00 аралығында және кешкі 20:00-00:00 аралығында жасалуда.
Бүгінде қаланың Қазыбек би, Байбұрт, С. Қожанов және әкімшілік іскерлік орталығында жүзеге асып жатқан суаруға- 34 техника күші қолданылуда.
Жалпы, аэрация ауа температурасы +30 градустан асатын елдерде жиі қолданылатын әдіс.
Ол асфальт, бетон жол төсемінен қызған ауаны салқындату үшін жасалады. Сонымен қатар, тікелей күн сәулесінің әсерінен асфальттың толқуын төмендетуге ықпал етеді.



