
Бүгінгі таңда, Түркістан қаласында 14 мыңнан астам зейнеткер тұрады.
Бүгінде зейнет жасындағы қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауда қалалық белсенді өмір сүру орталығының қызметі мол.
Атап айтқанда, зейнеткерлерге
әлеуметтік- медициналық, психологиялық көмек көрсетіп, бос уақытын пайдалы өткізудің кешенді қызметін ұсынуда.
Орталықта күнделікті 60-70 зейнеткерге қызмет көрсетілуде.
Жыл соңына дейін 2000 адамға қызмет көрсету жоспарланып, бүгінгі таңға дейін 636 адам орталық қызметіне жүгінген.
Белсенді ұзақ өмір орталығы 7 бағыт бойынша қызмет түрлерін көрсетеді.
Атап айтқанда:
— Әлеуметтік- медициналық,
— Әлеуметтік-психологиялық,
— Әлеуметтік-құқықтық,
— Әлеуметтік-ағартушылық,
— Әлеуметтік экономикалық,
— Әлеуметтік-еңбек,
— Әлеуметтік-демалыс.
Аталған 7 бағыт бойынша жыл басынан бері 1966 қызмет көрсетіліп, зейнеткерлердің қатысуымен 10 іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы зейнеткерлерге тіркелген кезеңдеріне қарай «Мейір» және «Ардагер» КММ демалуға 210 жолдама берілді.
Аталған орталықтың қызметі бойынша қандай да сауалдарыңыз болса
+7 777 605 6718 нөміріне хабарласа аласыздар.

