kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВТІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

22 июня, 2023
in Жаңалықтар, Саясат, Спорт
0
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВТІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін облыс орталығында бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, ОҚО және Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған жастар арасында ХІ халықаралық турнир басталды. Жарысқа Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен еліміздің барлық аймақтарынан ең талантты деген жас боксшылар қатысып, бақтарын сынауда.
Турнирдің ашылу салтанатына арнайы қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бұл турнирдің маңызы жоғары екендігіне тоқталып, жас былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тіледі.
«Мемлекетіміздің мерейін асырған мақтанышымыз Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған жарыстың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Өздеріңізге мәлім, биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толды. Қасиетті шаһар облыс орталығына айналғалы бері 250-ден астам ғимарат бой көтерді. Халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға арналған заман талабына сай жаңа ғимарттар ел игілігіне пайдалануға берілді. Сан ғасырлар бойы Қазақ хандығының астанасы атанған Түркістанда әлі талай дүбірлі спорттық додалардың өткізілуі жалғаса бермек. Жастарға бокс саңлақтарының жеңісті жолы жұғысты болсын», деді Бейсен Тәжібаев.
Шаршы рингтегі тартысты турнирде 15 команда, 130-дан астам талантты жас боксшы шеберліктерін шыңдауда. Жекпе-жекте жеңіске жеткен жеңімпаздар алда өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғайды. Жарысқа арнайы келген Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымовтың айтуынша, жуырда ғана өткен Б. Саттарханов пен Ә.Нұрмахановты еске алуға арналған турнир де, бұл жарыс та боксшылар үшін Олимп шыңын бағындыруға басқан алғашқы қадамым деп еске алатын турнирге айналары сөзсіз. Сидней олимпиадасының чемпионы сондай-ақ, түрленген, гүлденген қалада спорттық нысандардың көптеп салынуын жақсылыққа балап, өңірде спорт саласының дами түсуіне тілектестік білдірді
Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 26 маусым күні анықталады. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ еліміздің намысын жоғары деңгейде қорғап жатқан Түркістан облысының жас спортшылары өздерінің мықтылықтарын көрсетуде.
Алдыңғы жаңалық

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР МЕН АРДАҚТЫ ӘЖЕЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАНҰЯ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі