kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ҰЛТ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРДЫҢ ӨНЕРІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖІГЕР БЕРДІ

26 июня, 2023
in Билік, Жаңалықтар, Руханият
0
ҰЛТ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРДЫҢ ӨНЕРІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖІГЕР БЕРДІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Жетісай ауданының мәдениет күндерін «Visit Turkistan» орталығы алаңында аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала-концерт қорытындылады.
Салтанатты шараны Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков ашып беріп, Түркістан жұртшылығын облыстың 5 жылдығымен құттықтады.
Мәдени шарада ауданнан шыққан танымал тұлғалардың туындылары мен әсем ән де,күмбірлеген күй де, мың бұралған би де көрініс тапты. Кештің арнайы қонағы, Қазақ эстрадасының жұлдызы жетісайлық Әбдіжаппар Әлқожа қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Жалпы Жетісай ауданының мәдениет күндері үш күнге жоспарланған болатын. Шараның алғашқы күнінде Этноауылда қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі мен ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптар көрінісі көпшілікті тәнті етті.
Ал екінші күні Жетісай ауданының мәдениет күндері ұлттық құндылықтармен толыға түсті. Этноауылда арқан тарту, қазақша күрес, қошқар көтеру, асық ату, т.б. ұлттық спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыстық «Farab» кітапханасында Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай қалалық драма театры әртістері «Қынсыз қылыш – Құрманбек» драмасын көпшілік назарына ұсынды.
Айта кетейік, аталмыш фестиваль тамыз айына дейін өтеді. Аудан-қалалар Түркістан қаласында апта сайын өз өнерлерін көрсетеді деп жоспарланып отыр. Келесі көшті 30 маусым – 2 шілде аралығында Мақтаарал ауданының өнерпаздары жалғастырады.
Алдыңғы жаңалық

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Келесі жаңалық

САУРАН СЕКТОРЫ 24 АЯЛДАМАМЕН ТОЛЫҚТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі