kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

26 июня, 2023
in Жаңалықтар, Руханият, Саясат, Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістандағы «Ұлы Дала Елі» орталығында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында «Ұлттық домбыра» күні мен Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай тұңғыш рет «Үкілі домбыра» байқауы өтті.
«Дәстүрлі ән орындау», «Күй орындау», «Терме орындау» сынды үш номинацияда өткен өңірлік байқауға қала, аудандардан келген өнерпаздар қатысып, бақ сынады.
Рухани құндылығы мол игі шарада Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов байқаудың мән-маңызына тоқталып, қатысушыларды құттықтады.
— «Ұлттық домбыра» күні мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі өткізіліп отырған байқау кешегі Тәттімбет, Құрманғазы аталары мен Дина әжелерінің ізін басар өнерпаздардың тұсауын кеседі деп білемін. Байқауға қатысушы барша өнерпазға сәттілік тілеймін, — деді облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған шарада өңірлерден келген өнерпаздар бар өнерлерін ортаға салды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей оза шапқан өрендер жүлделі орындарды иеленді.
«Дәстүрлі ән орындау» сынында Мұратжан Атажановтың бағы жанып, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Дильноза Таджимет еншілесе, үздік үштікті Элина Букаева қорытындылады. «Күй орындау» номинациясында Алина Миркамалова бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орынды Любовь Печайкина иеленді. Ал үшінші орын Асуман Пашаға бұйырды. «Терме орындау» кезеңінде жүлделі орындарды Мұратжан Атажанов пен Алина Миркамалова иеленді. Сонымен қатар байқауға қатысқан өзге өнерпаздар мен жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.
— Барлық өнерпаздарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бұл байқаудың мақсаты — этнос өкілдерінің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, бірлік пен татулыққа тәрбиелеуге саяды, — деді байқаудың қазылар алқасының төрайымы Эльмира Жанғазиева.
Сондай-ақ қазылар алқасының мүшесі, Мәдениет қайраткері, сазгер-ұстаз Әлімбай Ботақараев байқаудың жоғары деңгейде өткенін айта келе, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА АТАП ӨТІЛЕДІ

Келесі жаңалық

БЕКЗАТ СЕКТОРЫНДАҒЫ 514 БАСПАНАНЫҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі