kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БІРЛІК БОЛСА, ТАЛАПҚА САЙ ТІРЛІК ТЕ БОЛАДЫ

5 июля, 2023
in Жаңалықтар, Саясат
0
БІРЛІК БОЛСА, ТАЛАПҚА САЙ ТІРЛІК ТЕ БОЛАДЫ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тұрғындармен маусым айында өткен кездесуінің нәтижесінде инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне 43 тапсырма берілді. Тапсырмалардың барлығы жұмыс жоспарына енгізіліп, бақылауға алынды.
 Тұрғындардың өтініші негізінде ағымдағы жылы қала аумағында 15 жерге спорт және балалар ойын алаңшасын және 10 жерге тек ойын алаңшасын салуға бюджеттен қаржы қаралып, мердігермен келісім шарт түзілген. И.Байзақ көшесінде ойын алаңшасын салу бойынша ұсыныс түскен, алайда көше бойында бос жер телімі болмағандықтан Яссы тұрғын алабындағы №24 мектепке ойын алаңшасы салынды, Көккөл көшесіне де алаңша салу жоспарлануда. Айта кетерлігі 2022 жылы Яссы тұрғын алабына қарасты Аралбай, Саққорған көшелерінде ойын алаңшаларының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. С.Болыс көшесіне ойын алаңшасын салуға орны бекітіліп, құрылысын бастау тамыз айына жоспарланды.
 Осы және өзге де атқарылған жұмыстар жөнінде қала әкіміне сала жетекшісі баяндап, есеп берді.
 Тұран мөлтек ауданындағы гидрант жүйесінде анықталған кемшіліктер мердігерге ескертіліп, қайта қалпына келтіру үшін мерзім берілегенін де тілге тиек етті.
 Сатарханов көшесі мен Қазыбек би көшелерінің аралығындағы жүргізілген гидрантты жүйелер су қабылдауға әзір. «Арыс-Түркістан» каналынан су келгенше қазіргі таңда бекітілген кестеге сәйкес көшелердегі көшеттер мен көгалдарды суаруға арнайы техникалар жұмылдырылуда.
 Сондай-ақ, қала аумағындағы жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 1500 абонентке жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде.
 Тұрғындар «Руханият» саябағындағы жасыл желектің қурауына алаңдаушылық білдірген. Әкімнің салаға жауапты орынбасарының мәлімдеуінше, мұндағы абаттандыру жұмыстары мемлекеттік қабылдаудан өтпеген. Сәуір-мамыр айларындағы түгендеу жұмыстары барысында анықталған қураған ағаш көшеттерінің орнына мердігер күзгі маусымда қайта тал егетінін атап өтті.
 Қазақбаев көшесі бойындағы «Нұр» интеллектуалды мектебі аумағына саябақ құрылысын жүргізуге қатысты көтерілген мәселе бойынша, бүгінде эскиздік жоба мен сметалық құжат әзірленіп, бюджеттік ұсыным жолданғаны айтылды.
 Нұрбол Әбдісаттарұлы жұмыстардың жүйелі атқарылуын тұрақты қадағалау қажеттігін сала жетекшілерінің назарына қайта салып:
— Ұсыныс-тілектердің айтылған жерде қалмағанын тұрғындар білу керек. Сондықтан, сектор жетекшілері өз аумағында тұрақты кездесу өткізіп, есеп бергендері жөн. Кей аумақтарда жоспарланып, құрылысы басталған жобалардан да халықтың хабары жоқ. Сектор жетекшілері, халықпен байланысты күшейтіңіздер, — деді.
Алдыңғы жаңалық

ШАҺАРДА 10,5 ГЕКТАРҒА СОЗЫЛҒАН САЯЛЫ БАҚ САЛЫНУДА

Келесі жаңалық

КЕЗЕКТІ ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі