Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздарын қабылдады.
Шараға Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы, депутат Жандос Жұмадуллаұлы қатысты.
Жиын ашылуында шаһар басшысы құттықтау сөз алып, жеңімпаздарға жылы лебізін білдірді.
-Сіздердің жеңістеріңіз көп жастарға жігер береді. Енді оқу мен спортты қатар ұстап, талаппен, еңбектеріңізбен жарқын жеңістеріңізбен бізді қуанта беріңіздер, — деді қала әкімі өз сөзінде.
Сондай- ақ, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев спорттың адам өміріндегі маңыздылығына тоқталып, жеңімпаздарға ниеттестігін білдірді.
Басқосу барысында жеңімпаздарға қала әкімінің арнайы алғыс хаты мен сыйлығы табысталды.
Одан бөлек, жиында Жамбыл облысы, Қордай ауданында жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионаты жеңімпаздарына да құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, Түркістан қаласы атынан қатысқан жасөспірімдерден құралған — Тұран командасы волейбол және баскетболдан Астана қаласында Қазақстан Республикасының мектеп лигасында чемпион атанды. Бұған дейін, команда бұл жарыста екі рет жеңіске жеткен.
Бүгінде спортшылар Түркістан қалалық №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығуда.



