Түркістан қаласында жалпы 25 ірі супер маркет, 3 көтерме сауда орны (Алтын бұлақ, Барлық, ЭкоБазар) және 187 дүкен бар.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда — 15 әлеуметтік дүкен жұмыс жасауда. Және 4 ірі сауда орталығында, атап айтқанда Дастархан, Бәйтерек, Береке, Шапағат маркеттерінде арзандатылған ӘМАТ өнімдері тұрақты сатылымға қойылған.
Одан бөлек, 30 дүкенде әлеуметтік бұрыштар бар.
Шаһарда азық-түліктерді бастапқы бағасынан 15 пайыздық үстемеақыдан асырмау қажеттігі туралы 25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген. Аталған дүкендер келісімді бұзған жағдайда заң аясында шара көріледі.
Қазіргі таңда, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі және Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының қызметкерлерімен біріге ӘМАТ бағасына мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Соңғы көрсеткіштерге сәйкес 187 шағын дүкенде, 4 ірі сауда орталығында, 15 әлеуметтік дүкенге бақылау жүргізіліп, баға тұрақтылығын сақтау бойынша түсіндірме жүргізілді.



