ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ БІРНЕШЕ СУ АЙДЫНЫНДА СУҒА ШОМЫЛУҒА ТИЫМ САЛЫНҒАН
ТОЛЫҒЫРАҚ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ


Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы және қалалық Жол патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Рейд барысында қаладағы суға түсуге тыйым салынған жерлер мен суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар тарқатылып, ақпараттық түсіндірме жасалуда.
Айта кетейік шаһарда «Арыс-Түркістан» каналы, «Қарашық» өзені, Тұңғыш президент паркіндегі жасанды көлде шомылуға тыйым салынған.
Тыйым салынған жерлерде суға түскен жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық заңында көрсетілгендей бірінші ретте ескерту беріледі, егерде 1 жыл ішінде қайталанса 440-1 3 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады. Егер камелетке толмаған бала суға түссе ата-анасына салынады.

