Шілде айында басталған халықарасында кең тараған ойын түрлерінен өтіп жатқан Түркістан қалалық бірінішілігі қыза түсті.
Бірінішіліктің кезекті кезеңінде 200-ден аса жасөспірім бақ сынады.
Олар асық ату, секіргіште секіру, футбол т.б ойын түрлерінен жүлделі орындарды сарапқа салды.
Шара ашылуында қалалық «Мәдениет және тілдерді дамыту және Спорт» бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Асилбаев алғы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қатысушылар бәйгеде тартысты ойын көрсетіп, белсенділік танытты.
Жалпы бірінішілік Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» ұйымдаструымен өтіп жатыр. Шара мақсаты — тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.
Жарыс 25-тамызға дейін жалғасады.



