kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БІЛІМ — ЫРЫС ҚАЗЫҒЫ

1 сентября, 2023
in Жаңалықтар, Саясат, Қоғам
0
БІЛІМ — ЫРЫС ҚАЗЫҒЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Қазақстан бойынша алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталды.
Кей оқушыларымыз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаса, тағы бір оқушыларымыз бала өмірден ересектікке қанат қағып ұшуға дайын тұр.
Дәл осы, алғашқы қоңырау үні бүгін қаламыздағы 65 мектепте соқты.
4615 оқушы 1-сыныпқа аяқ басса, 11 сыныпты биыл 2631 түлегіміз тәмамдайды.
Әр оқушының өмірінде маңызды орын алатын алғашқы қоңырау рәсімін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков №21 Пошанов атындағы жалпы орта мектебі оқушыларымен бірге өткізді.
-Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекесі әр оқушымыздың өмірінде маңызды орын алады. Баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамына құт-береке тілеймін» деді, шаһар басшысы салтанатты рәсімде құттықтау сөз алып.
Жиын барысы оқушылардың Алғашқы қоңырау мерекесіне арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Алдыңғы жаңалық

70-КЕ ЖУЫҚ НЫСАНДА ЖАРНАМА ТАҚТАЙШАЛАРЫ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕСТІГІ АНЫҚТАЛҒАН

Келесі жаңалық

ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі