kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚАРТТАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ

4 октября, 2023
in Жаңалықтар, Спорт
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚАРТТАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысының 78 жылдығына және «1 – қазан Халықаралық қарттар күніне»орай шахматтан және бильярдтан тыл еңбеккерлері мен ардагерлер арасында облыстық жарыс ұйымдастырылды.
Ардагерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мен жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, зияткерлік ойын түрлерін халық арасында кеңінен дамыту мақсатында өткен жарысқа әр спорт түріне аудан, қаладан 2 адамнан, яғни 4 ардагер қатысып, өзара үздіктерді анықтады.
Спорттың екі түрін қамтыған жарыстың ашылу салтанаты да жоғары дәрежеде өтті. Ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Рустемқызы қазыналы қарттарымызды мерекелерімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша шахматтан Түркістан қаласының командасы 1-орынды алса, Төлеби ауданының ардагерлері 2-орынды иемденді. Ал, Кентау қаласының құрамасы 3-орыннан көрінді.
Жекелей сында Түркістан қаласының өкілі Қуанышбек Джумадуллаевқа тең келер қарсылас болмады. Ал, төлебилік Әбілқасым Ерімбетов 2-орынды еншілесе, тағы бір төлебилік қария Сүйінбек Тәжібаев 3-орынды қанағат етті. Тартысты шахмат ойынында Сәттібек Сүйіндік пен Дәулетбек Төлеш үздік деп танылды.
Сонымен қатар, бильярдтан да жеңімпаздар белгілі болды. Жекелей сында бас жүлде Түлкібас ауданының зиялысы Омар Тұрсынбековқа бұйырса, 2-орынға кентаулық Умирзақ Акмалаев жайғасты. Қола жүлде Бәйдібек ауданының өкілі Абдимахсут Рахманкуловтың уысына түсті.
Сондай-ақ, үздік командалар бойынша да орындар анықталды. 1-орын Түлкібас құрамасы, 2-орын Кентау, 3-орын Бәйдібек ауданының командасына тиесілі болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар және медальдармен марапатталды.
Алдыңғы жаңалық

СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ШАҺАРДА 6109 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі