kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САМБО КҮРЕСІНЕН ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

12 октября, 2023
in Жаңалықтар, Спорт
0
САМБО КҮРЕСІНЕН ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қырғызстанның Бишкек қаласында самбо күресінен жасөспірімдер және жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Қазан айының 04-10 аралығында өткен күрес бәсекесіне дүниежүзінің 28 мемлекетінен мықты деп іріктелген балуандар қатысып, боз кілем көркін қыздырды. Байрақты додада еліміздің намысын қорғаған түркістандық саңлақтар толағай табысқа жетті. +98 келіде күш сынаған жерлесіміз Сардар Әбдісамитұлы жасөспірімдер арасында барлық қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, жеңіс тұғырының биігінен көрінді. Сондай-ақ, 98 келіде бақ сынаған тағы бір жерлесіміз Алмас Темірбай қола жүлдеге қанағат етті.
Ал, қыздар арасында 72 келіде белдескен Ақбота Қыдырәлі, +80 келіде Нурила Асанқызы тартысқа толы өткен әлемдік сайыста қолаға қол созып, жерлестерін қуантты.
Осындай ғаламат нәтиже көрсеткен спортшыларымызды Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшының орынбасары Айдос Қалтаев пен «Түркістан облысының самбо федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Дәурен Тәңірберген
құттықтып, сый-құрмет көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбдісадық Халилаев жиынға қатысушыларды құттықтап, шәкірт тәрбиелеуде әлі де көп жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Әлем чемпионатында шәкірттері олжалы оралған жаттықтырушылар да марапаттан тыс қалмады. Түркістандағы самбо күресінің жоғары дәрежеде дамуы үшін елеулі үлес қосқан білікті бапкерлер Қанат Арғынбаев, Мөлдір Бейсембаева, Нұрғали Тәнкеевтерге құрмет көрсетілді.
Алдыңғы жаңалық

ШАХМАТ КЕРУЕНІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі