Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласының білім бөлімі күрделі жөндеуден өткізу үшін 7 мектептің (No20 Р.Исетов, No22 Б.Момышұлы, No31 Абай, No7 С.Ерубаев, No26 Әйтеке би, No17 Ататүрік, No9 Некрасов) және 4 балабақшаның (“Айгөлек”, “Айгүл”, “Арай” және “Гүлдер” бөбекжай балабақша) құжаттарын әзірлеуде.
Ал, қалалық құрылыс бөлімі демеушілер арқылы 6 балабақшаның жобалау-сметалық құжаттарын дайындауды бастап кетті.
Нұрбол Әбдісаттарұлы мәселенің өзектілігіне баса назар аударып, келесі жылға үлгеру үшін құжаттардың кешіктірілмей дайындалуын жеке бақылауында ұстап келеді.



