kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕРКІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

22 ноября, 2023
in Жаңалықтар, Спорт
0
ТҮРКІСТАНДА ЕРКІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт кешенінде еркін күрес және әйелдер күресінен Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рахымовты еске алуға арналған XXVII-ші халықаралық турнирдің жалауы түрілді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін күрес додасына биыл еліміздің барлық өңірлерімен қатар көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 24 команда, 454 балуан қатысып, боз кілем көркін қыздыруда.
Тартысқа толы сайыста 2004-2006 жылы туылған саңлақтар 21 салмақ дәрежесінде жеңімпазды анықтайды. Оның ішінде ұлдар 11 салмақта белдессе, қыздар 10 салмақ дәрежесінде шеберліктерін байқайды.
Халықаралық күрес бәсекесінің ашылу салтанатына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова мен Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс чемпиондары Ел құрамасының қатарын толықтырады. Осылайша олар Азия және Әлем чемпионаттарына қатысып, еліміздің атын әлемге паш ететін болады.
Алдыңғы жаңалық

КӨГАЛДАНДЫРУ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНА» 10 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «АЯЛЫ ӘЖЕ» ФОРУМЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі