Түркістанда кезекті республикалық бәйгенің жеңімпаздары анықталды.
Үлкен теннистен ұйымдастырылған жарысқа республиканың түкпір-түкпірінен жиналған 70-ке жуық жасөспірім спортшы қатысты.
Бәсекеде Шымкент, Астана, Түркістан қалалары мен Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарынан жиналған саңлақтар бақ сынады.
Теннис кортында өткен жарыстың жеңімпаздарын қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы марапаттады.
ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША:
ҚЫЗДАР АРАСЫНДА
1. Болат Ясмина
2 Дауранова Дурдана
3. Ирискулова Сильвина
ҰЛДАР АРАСЫНДА
1. Мухаддас Бахытжан
2 . Аглиулин Ратмир
3. Маратжан Руслан


