Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтсақ, 2023 жылдың 11 ай қорытындысымен 3 248 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Сондай-ақ, 5 973 аз қамтылған отбасыдағы балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілді.
2 Ұлы отан соғыс ардагеріне, 416 соғыс ардагеріне теңестірілген тұрғынға, 369 тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді. Және де 5 839 астам мүмкіндігі шектеулі азаматқа жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетілуде.
Одан бөлек, аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және аналарды қиын өмірлік жағдайлардан ынталандыру мақсатында шаһарда «Қамқорлық» жанұя орталығы жұмысын бастаған болатын.
Бүгінде орталықта «ҚАДАМ» білім беру жобасы арқылы 275 азаматша білім алуда, 112 азаматша оқу курстарын аяқтады. Ал «НӘТИЖЕ» әлеуметтік жобасы арқылы 115 тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылып, 118 тұрғын өз кәсібін ашып, табысқа шықты.


