kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

8 января, 2024
in Жаңалықтар, Саясат
0
ҚАЛА ӘКІМІ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қалалық Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов атқарылған жұмыстар мен жоспарлар бойынша баяндады.
Баяндамашының мәлімдеуінше қалада 30 сауда орталықтарында — әлеуметтік бұрыш, 23 әлеуметтік дүкен ашылып, тұрғындарға қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, 4 көтерме сауда базары, 4 ірі сауда орталығы, 187 жеке дүкен тұтынушыларға өз қызметін ұсынуда.
Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, қала әкімдігімен «INSAF LTD» ЖШС, «Ғажайып» ЖШС, «Яссы құрылыс» ЖШС наубайханаларымен 4 жақты келісім-шарт түзіліп,тәулігіне 25 000 нан 85 теңгеден босатылуда. Оның 6 500 данасы – балабақшаларға, 17 900 данасы – әлеуметтік дүкендерге, қалғаны базарға жеткізіліп келеді.
Туризмді дамыту бойынша биыл қала әкімдігінің бастамасымен 13 іс-шара, “Kazakh Tourism” АҚ және облыстық туризм басқармасымен бірлесе 30 іс-шара атқару көзделген. Оның 8-і — халықаралық, 18-і — республикалық , 12-і — облыстық және 5 іс-шара қалалық деңгейде ұйымдастырылатын болады.
Түркістан қаласының Түркі әлемінің туризм астанасы мәртебесін иеленуіне орай өтетін ашылу салтанаты туризм маусымының басталу кезеңіне орайластырылып ұйымдастырылатыны да сөз болды.

Қала әкімі туристік маусымға дейін саяхат кестесін жаңа бағыттармен толықтыруды тапсырды. Сондай-ақ, тарихи нысандарға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ және Халықаралық меймандостық университеті ғалымдарымен бірлесе отырып зерттеу жүргізу жөніндегі ұсынысты қолдайтынын жеткізді. Баға тұрақтандыру мәселесінің күн тәртібінен түспейтінін айтып, қала әкімі мониторинг жұмыстарын тұрақты жүргізуді ескертті.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАННЫҢ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТУРИЗМ АСТАНАСЫ АТАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 40-ТАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі