Биыл Шауғар секторында 10 660 абонентке сарқынды су жүйесі қолжетімді болмақ.
Одан бөлек, Кенесары, Уалиханов, Тәттібаев көшелері мен Рамбердиев тұйығына сапалы ауыз су жүргізіліп, Ортақ тұрғын үй массиві (2-кезең) және жобадан тыс қалған М.Әбенова, Төреқұлов, Ататүрік, Төле би, А.Сабырханов, Жамбыл көшелеріне сапалы электр желісі тартылады.
Сүйіліш батыр көшесіндегі электр бағаналары жаңартылып, Төле би, Алтай, Алматы, Ханшатыр және М.Әбенова көшесіне жаңа трансформатор орнатылады.
Абылайхан, Меркі, Ж.Шаяхметов көшелеріне аялдамалар қойылып, №2,№9,№9А қоғамдық көліктері жаңартылады деп күтілуде.
Секторда 2023 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, Ортақ тұрғын үй массивіндегі 36 көшеге (11 838 абонентке) сарқынды су жүйесі, Шумилев көшесіндегі 16 жеке тұрғын үйге орталық газ магистралі тартылды. Одан бөлек, 2 455 абонент таза ауыз су желісімен қамтылды.
Мөлтек ауданға 53 жаңа трансформатор қойылып, 4800 абонентке сапалы жарық жүйесі жүргізілді.
ХҚТУ, Яссы, Шауғар тұрғын алабын электрмен жабдықтау құрылысы (трансформатор – 15 дана, абонент саны –1 242) және Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, М.Абенов, Төле би, Н.Төреқұлов,
Н.Тынышқұлов көшелері бойына 10-0,4 кВ кабель желілерін салу құрылысы жүзеге асып, нәтижесінде 45 дана трансформатор орнатылып, 5 822 абонентке сапалы қолжетімді болды.
Тұрғындар жайлылығы үшін 3 дана ойын алаңшасы жасақталып, 5 дана ойын алаңшасы қайта жөндеуден өткізілді.
Жол саласы бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 24 көшеге тас,8 көшеге асфальт төселді. 14,6 шақырымды 13 көшеге жаяу жүргінші жолы салынып, 49 көше жарықшамдармен қамтылды. №5,№5А, №4, №4А, №8 қоғамдық көліктері сыйымдылығы жоғары автобустарға ауыстырылып, мөлтек ауданда 22 аялдама орнатылды.
Сүйіліш батыр көшесі мен Қалаби көшесін қосатын жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Шауғар секторында барлығы- 177 көше бар. Онда 9 378 тұрғын үй, 48 660 тұрғын орналасқан. Мектеп саны-12, балабақша- 15, аурухана- 4.



