Түркістанда жасөспірімдер арасында волейболдан қала біріншілігі өтті.
Жарысқа 15-16 жас аралығындағы спортшылардан жиналған 12 команда қатысты.
Олар Шымкент, Қызылорда, Түркістан қалалары мен Түркістан облысы аудандарынан жиналған спортшылар.
«Түркістан – Түркі әлемінің туризм астанасы» атануы аясында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен ұйымдастырылған бәйге қалалық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында өтті.
ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША
1 орын- Шымкент қаласы
2 орын- Түркістан қаласы
3 орынды Ордабасы ауданының командасы иеленді.



