kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖАС АЛАШЫ» ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

22 мая, 2024
in Билік, Жаңалықтар, Руханият
0
ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖАС АЛАШЫ» ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Биыл қазақ әдебиетінің аспанында жарқ етіп, бір-ақ сәтте жалт етіп ағып түскен жұлдыздардың бірі, жас талант Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл. Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлы небәрі 23 жыл ғана ғұмыр кешті. Оның есімі адамзат тарихынан ешуақытта ұмытылмақ емес. Осы мақсатта Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Саттар Ерубаев музей-филиалы және Түркістан қалалық Мәдениет үйі мен мәдениет үйіне қарасты «Бірлік» клубының бірлескен шарасы өтті. «Ұлы даланың жас Алашы» атты ұлттық-танымдық кешке зиялы қауым өкілдері мен мұражай қызметкерлері қатысты.
Шара аясында әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндей келіп, ғұмырының соңына өшпес мұра қалдырған талант туралы кеңінен сөз болды. Жергілікті ақын Айгерім Жұмабай Саттар Ерубаев жайында ой қозғады. Сондай-ақ Саттар Ерубаев музейінің меңгерушісі Айгүл Исабекова Саттар ғұмырын ғасырдың өшпес мұрасына теңеп, Ерубаев­ шығармашылығын құрметтеп өскен ұрпақтың қатары артса деген ниетін білдірді.
Тағылым мен тәрбиеге толы басқосуда қаладағы Саттар Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатының оқушылары Саттар шығармаларынан үзініді оқыды. Ал мәдениет үйінің «Шұғыла» халықтық мәдени-үгіт бригадасы көрерменге «Шындық пен шығарма» танымдық қойылымын ұсынды. Яссы халықтық этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі Ерлан Жақыпбеков пен күйші Нұрзаман Мұсаханұлы көңіл тебірентер күйлерді асқан шеберлікпен орындады. Мәдениет үйінің әншілері «Аға» әнін орындап, айшықты шараны қорытындылады.
Алдыңғы жаңалық

ГАНДБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЛА БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

Оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу бойынша атқарылатын шаралар туралы мәжіліс өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі