Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының жас шахматшылары Әсия Асылхан мен Нұрислам Сұлтанхан кезекті жарыстан жеңіспен оралды.
Шахматтан Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда Әсия қызымыз шахматтың классика түрінен 1-ші, блицтен 2-ші орын алса, Нұрислам блиц түрінен жүлделі үшінші орынды алып қуантты.
Айта кетейік, Алматыда шахматтан өткен XXVI Азия чемпионатына Қытай, Үндістан, Ресей, Иран сынды 33 елден 650 спортшы қатысты. Онда 7-18 жас аралығындағы спортшылар шахматтың рапид, блиц, классика түрінен жарысты.


