kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: 9720 азамат тұрақты жұмысқа орналасты

6 декабря, 2024
in Жаңалықтар, Экономика, Қоғам, Әлеумет
0
Түркістан: 9720 азамат тұрақты жұмысқа орналасты
0
SHARES
33
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері 9720 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы қалалық Мансап орталығының директоры Мейіржан Арманұлы арнайы сұхбатында мәлімдеді.

— Мейіржан Арманұлы, жұмыссыздықты азайту бағытында қандай нақты шаралар қолға алынды?

— Биыл Түркістан қаласында субсидияланған жұмыс орындарына 2543 азамат жолданды. Қоғамдық жұмысқа 1308 адам тартылса, алғашқы жұмыс орны жобасы арқылы 135 жас маман еңбекке араласты. Әлеуметтік жұмыс орындарында 144 адам өз қабілетін іске асырып жатыр. Сонымен қатар, Жастар практикасы бойынша 796 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, Күміс жас жобасы аясында 176 адам қолдау тапты.

— Ұлттық жобалардың нәтижесі қандай?

— Ұлттық жоба шеңберінде 35 жоба мақұлданып, нәтижесінде 478 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 30 жоба сәтті іске қосылып, бүгінде 426 азамат тұрақты еңбек етуде. Бұл – қаламыздың экономикалық әлеуетін арттыруға қосылған үлкен үлес.

— Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмыспен қамтуда қандай жетістіктерге қол жеткізілді?

— Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау мәселесі біз үшін маңызды. Биыл квота негізінде 24 азамат жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, пробация қызметінде есепте тұрған 15 азаматқа да жұмыс табуға көмек көрсетілді.

— Түркістан қаласындағы жалпы жұмыссыздық деңгейіне тоқталсаңыз?

— Жоғарыда аталған кешенді шаралардың нәтижесінде қаладағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға дейін төмендеді. Бұл – жергілікті биліктің, кәсіпкерлердің және тұрғындардың бірлескен жұмысының жемісі.

— Алдағы жоспарларыңыз қандай?

— Біз жұмыспен қамту бағытында жаңа жобаларды қолға алуды жоспарлап отырмыз. Әсіресе, жастар мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдауға басымдық береміз. Сонымен қатар, жұмыссыздықты одан әрі азайту үшін кәсіптік білім беру мен қайта даярлау курстарын жандандыруды көздеп отырмыз.

Түркістан қаласы дамудың жаңа сатысына көтеріліп келеді. Мұндағы әрбір азаматтың еңбекке араласуы – тек олардың әл-ауқатын жақсарту ғана емес, қаланың жалпы экономикалық-әлеуметтік дамуына да қосылған үлес.15:44

Алдыңғы жаңалық

Түркістанның көркі: жарнама мен маңдайшалар тәртібі бақылауда

Келесі жаңалық

test

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі