осы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толды. Осыған орай Түркістан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы Алматы қаласындағы Республика сарайында «Ән аға – жан аға» атты концерт ұйымдастырып, әнсүйер көрерменнің ықыласына бөленді.
«Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі фойеде Шәмші әндерін ойнап көрерменді қарсы алды. Әнсүйер қауым Шәмшінің өзі жасаған бұйымдары, киімдері ерекше көрмені тамашалады. Сондай-ақ Шәмші ауылынан алынған ұлттық тағамдардан арнайы дайындалған фуршет дастарханы арқылы ауыз ауыз тиді. Арнайы тақтайшалардан Шәмші әндерінің шығу тарихынан хабардар болды.
Кеште алпыс жылдан астам тарихы бар өнер ордасының әртістері мен эстрада жұлдыздары ұлы композитордың таңдаулы шығармаларын орындады. Концерт барысында ән еркесінің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер көрерменге жол тартты.
Республика сарайының үш мың орындық залы көрерменге толып, қошеметі асқан шабыт сыйлады. Өнер ордасының келесі концерті бұрынғы кештерден де өзгеше және әсерлі болады деп жоспарланып отыр.


