kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

29 апреля, 2025
in Жаңалықтар, Әлем жаңалықтары
0
ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ПӘКІСТАННЫҢ ЛАХОР ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАС ҚАЛА АТАНДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Карачи және Исламабад қалаларында арнайы кездесулер мен келісімсөздер жүргізуде.
Қарачи қаласында Қазақстан Республикасының Көлік басшысы Марат Қарабаев, Пәкістан Ислам Республикасының сауда министрлігі Джам Камал Хан және Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафиннің төрағалығымен, 30-дан астам бизнес өкілдерінің жетекшілік ететін бизнес-форумы өтті.
Іскерлік байланыс орнатып, ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін ұйымдастырылған шарада жалпы көлемінен 70 млн АҚШ доллары асатын төрт құжатқа қол қойылды. Екі ел арасындағы екіжақты B2B және G2B кездесулері өтті.
Сондай-ақ, Исламабад қаласында екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында қолөнершілер қаласы атанған Түркістан қаласы мен Пәкістанның рухани және мәдени астанасы атанған Лахор бауырластық қатынастарды орнату туралы меморандумға қол қойды.
Лахор қаласы – Пәкістанның рухани және мәдени астанасы ретінде бүкіл әлемге танымал. күні халық саны бүгінде 120 миллионнан асады.
Қала аумағында бүгінге дейін жеткен Пәкістан халқының ғана емес, барша адамзаттың бірегей құндылығының бірегей сәулет өнері ескерткіштері, әлемдік мәдени мұра тізіміндегі тарихи нысандар бар.
Қазақстанның рухани орталығы, түркі әлемінің киелі ордасы, 1500 жылдан астам тарихы бар, Халықаралық Қолөнершілер қаласы атанған Түркістан қаласы осыған дейін Әзірбайжан Республикасының Шуша қаласы, Түркия Республикасының Мальтепе, Үскідар, Зейтинбурну муниципалитеттерімен, Тәжікстан Республикасының Худжант қаласымен, Қытай Халық Республикасының Юэцин қаласымен байланысты.
Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының Самарканд қаласымен, Қытай Халық Республикасының Чженчжоу, Ляочин, Линьань, Вейнань қалаларымен достық ынтымақтастық байланыс бар.
Ресми кездесу барысында Түркістан қаласының әкімі Мекенхан Қырықбаев пен Лахор қаласының комиссары Саед Муса Раза алдағы уақытта жүзеге асатын мәдени-гуманитарлық, экономикалық және туристік саладағы жобаларды талқылап, келісімдер бұл екі қаланың арасындағы жаңа байланыстарды деңгейге көтеруге сенім білдірді.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДИҚАНДАРДЫ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН «БІРЛІК ЖАРЫСЫ» ЖҮГІРУ ДОДАСЫНА 6 МЫҢНАН АСА АДАМ ҚАТЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі