kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

16 мая, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
САУРАН АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
0
SHARES
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аудан әкімдерінің халықпен тұрақты және жеке қабылдаулар өткізуі туралы нақты тапсырма берді. Бұл бастама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды бөлігі болып табылады.

Президент өз сөзінде:

«Бірінші басшылар азаматтарды жеке қабылдауға тиіс. Бұл – өте маңызды. Әсіресе, аймақ, қала, аудан басшылары халықпен тікелей байланыста жұмыс істеуі қажет» деп айтқан болатын.

Осы тапсырма аясында барлық деңгейдегі әкімдерге жыл бойы халықпен кездесулер өткізу міндеттелді. Бұл кездесулерде тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудару қажет

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров азаматтардың жеке мәселелерін тыңдау мақсатында кезекті қабылдауын өткізді. Қоғаммен тығыз байланыс орнатуға бағытталған бұл кездесуге алдын ала жазылған 4 тұрғын қатысты.

Қабылдау барысында азаматтар негізінен әлеуметтік қолдау, жол жөндеу, инфрақұрылымды дамыту және коммуналдық қызметтерге байланысты бірқатар мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш әкімнің жеке бақылауына алынып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Мақсат Таңғатаров өз сөзінде тұрғындардың талап-тілектерін назардан тыс қалдырмай, ашық диалог форматында жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. «Әрбір азаматтың мәселесін дер кезінде шешу — басты міндетіміз. Бұл бағытта жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жалғасатын болады», — деді аудан басшысы.

Қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.

Алдыңғы жаңалық

ЕР-ЕЛ ҚОРҒАНЫ: ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Келесі жаңалық

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі