Қаратөбе – Сауран қалашығы — Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 45 км жерде орналасқан, ортағасырлық қала орны. Бұл қалашықтың тарихы мен құрылымы Қазақстанның бай мәдени мұрасын көрсетеді.
Оның теңіз деңгейінен биіктігі 212м. Бұл үлкен көлемді үш деңгейлі төбе, құрылымы бес бұрышты геральдикалық қалқан формасында. Оның беттерінің өлшемдері: солтүстік-батыс беті -250м, солтүстік беті-165м, оңтүстік-батыс беті-180м, оңтүстік-шығыс беті-280м және шығыс беті- 180м. Қаланың солтүстік-шығыс бетінде цитадель орналасқан, оның беттерінің өлшемдері: солтүстік беті-70м, солтүстік-батыс-беті 110м, оңтүстік-батыс беті-160м, солтүстік шығыс-160м және оңтүстік-шығыс беті-60м. Цитаделдің іргесі жоспарда тіктөртбұрышты, биіктігі 11м. Солтүстік бетінде 15м-лік мұнараның қалдығы сақталған, диаметрі 20м-лік дөңгелек төбенің орны көрініп тұр. Цитаделдің теңіз деңгейінен биік нүктесі 213,60м, шахарістаны – 209м. Сонымен бірге солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс және шығыс бұрыштарының мұнараларының іргесі сақталған. Қаланың барлық бетінде рабадтың іздері сақталған. Рабадының жалпы көлемі 18,2га, шахарістаны – 11,2га, цитаделі-3,5га, ал қалашықты барлық рабадымен қосқандағы көлемі 30га болады. Қалашықтың ең ерте кезеңі IV–V ғасырларға, ал гүлдену кезеңі XII–XIII ғасырларға сәйкес келеді. Зерттеушілердің пікірінше, XIII ғасырда Сауран қаласы жаңа орынға көшірілген, ал Қаратөбе оның бұрынғы орны болған.
Қаратөбеде XI–XII ғасырларға тән жылтыр глазурьмен қапталған керамикалық ыдыстар өндірілген. Қаланың рабад бөлігінде керамика пештері мен өндіріс қалдықтары табылған.
Алғашқы зерттеуді 1947ж Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) жүргізді. Ескерткіштің нақты сызба жоспары түсіріліп және жинақталған материалдарға ҮІ-ХІІІғғ. деген мерзім берілді. 1986 жылы Сауран қалашығы мен Қаратөбе қалашығын қоса Археология институты (К.М. Байпақов) зерттеу жүргізді. Қаратөбе-Сауран қалашығына 2003ж. Түркістан археологиялық экспедициясы (М.Қ.Тұяқбаев) отряды зерттеу жүргізген және ол жұмыстар 2005-2008жж. жалғасын тапты. 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №634 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған. Жалпы жер көлемі 100 га.
Қаратөбе қалашығы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізіміне енгізілген және мемлекеттік қорғауға алынған.
Қалашықтың тарихи маңызы мен археологиялық құндылығы оны туристік бағыттардың бірі ретінде танымал етеді.
