Құрбан айт мерекесіне орай, Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Отбасын қолдау орталығы” мекемесінің ұйымдастыруымен, ауданымыздың жомарт жүректі кәсіпкерлерінің (“Neyla market” азық-түлік дүкенінің иесі Қосауовтар әулеті, “Жүрсін” азық-түлік дүкенінің иесі Әбжанов Ғабит, жеке кәсіпкер Балаубеков Мұхат және ауданымыздан шыққан кәсіпкерлер) демеушілігімен Шолаққорған ауылындағы пробациялық тізімдегі және өмірлік қиын жағдайдағы 11 отбасына (жалпы 410 000 теңге қаржыға) азық-түлік жиынтығымен жәрдем берілді.
Іс-шараның мақсаты — өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға бір реттік жәрдем беріп, қоғамнан өз орынын тауып, дұрыс өмір сүріп кетуіне қолдау көрсету.
Қайырымдылық шараға қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған азаматтарға алғыс білдіре отырып, кәсіптеріне береке тілейміз!

