kazaqpar.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм
No Result
View All Result
kazaqpar.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ҮШҚАЙЫҚ АУЫЛЫНДА ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

11 июня, 2025
in Білім, Жаңалықтар, Әлеумет
0
ҮШҚАЙЫҚ АУЫЛЫНДА ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент жолдауында мектеп салу мәселесі білім сапасын арттыру мен болашақ ұрпаққа лайықты жағдай жасау тұрғысынан ерекше назарға алды. Мемлекет басшысы жаңа мектептерді заманауи стандарттарға сай, толыққанды инфрақұрылыммен жабдықталған етіп салу қажет екенін атап өтті.

Президент жолдауындағы тапсырмалар негізінде, Сауран ауданына қарасты Үшқайық ауылдық округі, С.Қожанов елді мекенінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан 300 орындық жаңа білім ұясы пайдалануға беруге жақын. Қазіргі уақытта нысанда әрлеу жұмыстары мен мектепті оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету шаралары қарқынды жүргізілуде.

Атқарылып жатқан жұмыстардың барысын аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып көріп, құрылыс сапасы мен мерзімінің сақталуына назар аударды. Сапар барысында мердігер мекеме өкілдеріне бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу қажеттігі ескертілді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, нысанның айналасын абаттандыру және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары да қатар атқарылуда. Бүгінгі таңда мектеп аумағында автотұрақ, газ тарту, сумен жабдықтау, интернет желісіне қосу және сыртқы жарықтандыру жүйелерін орнату жұмыстары аудан әкімдігі тарапынан толықтай орындалды.

Жаңа білім ордасы іске қосылғанда, ауыл оқушылары үшін заманауи, қауіпсіз әрі қолайлы оқу ортасы қалыптасады. Кеңейтілген сынып бөлмелері, пәндік кабинеттер, кітапхана мен спорт зал заманауи стандарттарға сай жабдықталатын болады.Аудан басшылығы мектептің жаңа оқу жылына дейін толықтай пайдалануға берілуін басты міндет етіп отыр.

Алдыңғы жаңалық

ҚАРАШЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 5 АЙЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

САУРАН: ХАБАРЛАНДЫРУ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"Kazaqpar.kz" ақпараттық агенттігі
162000,Түркістан қаласы
Меншік иесі: ЖК Алмас Мұқтарұлы
aqpar@gmail.com

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kazaqpar.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем жаңалықтары
  • Руханият
  • Спорт
  • Туризм

Kazaqpar.kz ақпарат агенттігі