Оранғай ауыл округі үш елді мекеннен тұрады. Оранғай, Қосқорған, Бостандық елді мекендері. Жалпы халық саны 9189 адамды құрап, оның ішінде 1 441 отбасы бар. Атап айтатын болсақ, Оранғай ауылында 925 отбасы- 5 691 адам, Бостандық елді мекенінде 271 отбасы-1614 адам, Қосқорған елді мекенінде 245 отбасы-1884 адам тұрады. Халықтың негізгі күн көріс көзі ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы болып табылады.
Оранғай ауылдық округі бойынша ұлттардың құрамы бойынша
| Елді мекен атауы | Жалпы халық саны | Қазақ | Өзбек | Тәжік |
| Оранғай | 5691 | 2436 | 3252 | 3 |
| Бостандық | 1614 | 1590 | 24 | 0 |
| Қосқорған | 1884 | 27 | 1857 | 0 |
| Барлығы | 9189 | 4053 | 5133 | 3 |
Жекелеген санаттағы азаматтар бойынша
| 1 | Зейнеткерлер саны | 807 |
| 2 | Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер саны | 12 |
| 3 | Ауған соғысына қатысқандар саны | 7 |
| 4 | Батыр аналар-7 / Алтын алқа, -134/ Күміс алқа -286 | 427 |
| 3 | Мүгедектер саны | 216 |
| 4 | І-ІІ топ мүгедектер | 94 |
| 5 | ІІІ-топ мүгедектер | 61 |
| 6 | 16-жасқа дейінгі мүгедектер | 28 |
Салықтық түсімдер және орындалуы
2025 жылдың 5 айында мүлік салығы бойынша жоспар 1 168,0 мың теңге болса, орындалуы 1 200,0 теңге, яғни 102,7 %, жер салығы бойынша 5 айға жоспар 54,0 мың теңге болса, орындалуы 426,0 мың теңге, 788,9 %, көлік салығы бойынша 5 айға жоспар 7 095,0 мың теңге болса, орындалуы 18 091,0 мың теңге, 255.0 %, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер бойынша 5 айға жоспар 21 488,0 мың теңге болса, орындалуы 22 187,0 мың теңге 103,3 % ға орындалды.
Әлеуметтік сала бойынша
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. 2025 жылдың 1 тоқсанында 17 отбасы болса, 2 тоқсанда 8 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып, 9 отбасыға кеміген. Себебі, 9 отбасының табысы кедейлік шегінен асып, жаңадан ашылып жатқан жұмыс орындарына орналастырылды.
Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округі бойынша тұрмысы төмен және көп балалы 58 отбасыға 780,0 мың теңге көлемінде азық-түліктей және материалдық (қатты отын, есік, терезе, киім және т.б) көмек берілді.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 3 бағыты бойынша жұмыспен қамту шаралары төмендегідей:
| № | Бағдарламалар | 2025 жылдың 5 айында жіберілгендер |
| 1 | Тұрақты жұмыс | 186 |
| 2 | Ақылы қоғам | 21 |
| 3 | Жастар практикасы | 17 |
| 4 | Мүгедектер | 3 |
| 5 | Жаңа жұмыс орындары | 20 |
| Жалпы | 247 |
Сонымен қатар, қамқорлық бағдарламасы аясында Оранғай ауылдық округі бойынша тұрмысы төмен және көп балалы 2 отбасы ақылы қоғамға тартылып, 250 мың тенге көлемінде азық-түліктей және материалдық көмек берілді.
Білім саласы:
- Ауыл округі бойынша 4 жалпы орта мектепте 264 мұғалім қызмет етеді. 2477 оқушы білім алуда.
- Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемесі 4, оның ішінде 1 мемлекеттік, жалпы 345 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Денсаулық сақтау саласы:
- Ауыл округінде 1 ауылдық емхана, 2 ФАП, 1 жеке медициналық орталығы бар, жалпы 7 дәрігер, 34 мейірбике халыққа қызмет көрсетуде.
Оранғай ауылдық округінде жастармен жұмыс бағытында 2025 жылдың басынан бері 16 маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды.
Жалпы округ бойынша 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 2037 адам, оның ішінде 948 ер және 1089 әйел адам тіркелген.
— «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша округке қарасты 4 білім ордасында жоғарғы сынып оқушыларына арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
— «Қылмыссыз болашаққа бір қадам» атты түнгі рейдтер Оранғай, Бостандық және Қосқорған елді мекендерінде 11 рет ұйымдастырылып, кәмелетке толмағандардың кешкі 23:00-тен таңғы 06:00-ге дейін қоғамдық орындарда жүруіне тыйым салынатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары өтті.
— «Отандық кинокөрсетілім» жобасы аясында тәрбиелік мәні бар 3 фильм көрсетіліп, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал етті.
Барлық атқарылған жұмыстар жастардың белсенділігін арттырып, қоғамға пайдалы, саналы ұрпақ тәрбиелеуге бағытталды.
Мәдениет саласы бойынша атқарылған жұмыстар
Оранғай ауылдық клубы 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес, жыл бойы түрлі мазмұндағы мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруда. Жалпы бүгінгі күнге дейін 22 мәдени іс-шара өткізілді.
Іс-шаралардың мазмұны халықтың рухани сұранысын қанағаттандыруға, ұлттық құндылықтар мен тәрбие мәселелеріне негізделіп, кең ауқымды аудиторияны қамтыды.
Атап айтқанда:
- «Өмірі өнеге – ісі игі» атты кездесу кеші ауыл қариясы Пахриддинов Абиддин атамызбен өтті;
- «Біздің өлкенің қаһармандары» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылды;
- «Ауылым – алтын бесігім» атты ауыл әжелерімен концерт өтті;
- 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем, ана деген тәңірге!» атты аналарға арналған концерт өткізілді;
- «Отбасының алтын қазынасы – құндылықтар мен дәстүрлер» атты тәрбиеге бағытталған іс-шара жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналды;
- «Нашақорлық – қауіпті дерт», «Заң, қоғам және жасөспірім» тақырыптарында дөңгелек үстелдер мен түсіндірме кездесулер ұйымдастырылды.
Бұл іс-шаралар ауыл тұрғындарының мәдени белсенділігін арттыруға, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге бағытталды.
Жер саласы бойынша
Оранғай ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі 47 579 га. ауылшаруашылық жері – 16 742 га. оның ішінде:
- Егістік жер– 3 709 га, оның 2 665 га суармалы егістік жер.
- Жайылым жер – 13 406 га, оның ішінде 6 608 га елді мекенге ортақ мал жайылым жерлері. Қазіргі таңда 714 га жер теліміне ортақ жайылымға алу бойынша қаулысы шыққан, мемлекетттік акт алу жұмыстары жүргізілуде
3.Су қоры жері — 223 га
4.Өнеркәсіп,байланыс,қорғаныс және өзгеде а/ш мақсатына арналмаған жерлер — 240 га
5.Орман қорының жерлері – 85 га
6.Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері – 10 254 га
7.Өзге жерлер – 284 га
Округке қарасты 3 елді мекеннің жалпы жер көлемі – 6 608 га.
Оның ішінде:
1.Оранғай ауылы жалпы ауданы – 4 193 га
2.Бостандық ауылы жалпы ауданы – 1 133 га
3.Қосқорған ауылы жалпы ауданы – 1 281 га
Ауыл шаруашылық саласы бойынша:
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы бөлімімен егістік жерлерді игеру тапсырмасы бойынша 3 жақты келісім шарт негізінде ауылымызға көктемгі егіс 2900 га жерді игеру жоспары берілген. Жоспардың бүгінгі таңда (100,0%) пайызға орындап, 2900 га жер игерілді.
- 2025 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі ағымдағы жылға жоспар 7,5 млрд теңге болса, 5 айда орындалуы 1 млрд 450 млн яғни 19,3% пайызға кем орындалды. Жыл соңына қарай толық орындалады деп күтілуде.
- 2025 жылы ауыл шаруашылығы өндіріс көлеміне негізгі капиталға инвестиция тарту ағымдағы жылдың 5 айына жоспар 1 млрд теңге болса, 1 млрд 450 млн теңгеге орындалды.(БНК АГРО 376 бас сиырға, Жасыл аймақтар ӨК 10 000 бас майда мал ,құрама жем шығару цехін салуга).
- 2025 жылы Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 3 жақты келісім бойынша ағымдағы жылға тапсырма 10 бірлік техника болса, орындалуы 3 бірлік техника 30% орындалды. Жыл соңына қарай толық орындалады деп күтілуде.
( Исрайлов Мансұр – МТЗ-892 тракторы, шөп престейтін техника,
«Жасыл аймақтар» – жылжымалы құрама жем шығаратын тіркемелі құрылғы.)
- 2025 жылы минералды тыңайтқышқарды енгізу бойынша 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға тапсырма 800 мың тонна, орындалуы 550 мың тонна яғни 69% орындалды. Жыл соңына қарай толық орындалады деп күтілуде.
Мал шаруашылығы саласы
- Ірі қара мал- 3789 бас,
- Майда мал- 10136 бас,
- Жылқы- 3216 бас,
- Түйе- 50 бас,
- Құс- 91 330 басты құрап отыр (Яссы құс ЖШС-85000,үй іргелік құс-6330).
2025 жылдың 5 айындағы егіс құрылымы бойынша
Оранғай ауыл округінде 169 шаруа қожалығы бар, 2 975 гектар жерге егістік егілді. Атап айтқанда:
- Күздік бидай — 280 га,
- Дәндік жүгері – 300 га,
- Сүрлемдік жүгері – 180 га,
- Қарбыз – 515 га,
- Қауын – 35 га,
- Картоп — 15 га,
- Мақта –160 га,
- Көкөніс -370,3 га ,
- Жаңа жоңышқа – 420 га ,
- Ескі жоңышқа – 700 га.
Кәсіпкерлік саласы бойынша
Оранғай ауылдық округінде кәсіпкерлікті дамыту бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізілуде:
— Жергілікті бюджет кірісінің негізін құрайтын салық төлеуші субъектілер толық түгендеуден өтті. Қазіргі таңда:
— 34 нысан,
— 101 жеке кәсіпкер,
— 169 шаруа қожалығы жұмыс істеуде.
— Ауыл аумағында:
— 5 дәмхана,
— 12 дүкен,
— 2 дәріхана,
— 1 шаштараз,
— 1 монша халыққа қызмет көрсетуде.
— Ірі кәсіпорындар қатарында:
— «Тас жол», «Майшай су», «Кас-Ай» ЖШС – тас өнімдерін өңдеумен,
— «Фахри строй бетон», «Досан Ата» ЖШС – дайын бетон өнімдерін өндірумен айналысуда.
— Dala Resort және MANGO демалыс аймақтарында 100-ге жуық азамат жұмыспен қамтылған.
— «RICH HOME FURNITURE» және «СОФТ ХАУС» жиһаз цехтары ашылып, тұрақты жұмыс істеп тұр. Жалпы 200-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылған.
— «Жасыл аймақ» ӨК – 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңы іске қосылып, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
— «БНК АГРО КЗ» ЖШС – 400 басқа арналған сүт-тауар фермасын іске қосып, 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
— Сонымен қатар, «Әл-Береке» ӨК құрылыс қоспаларын өндіретін цех ашып, онда 25-30 адам тұрақты жұмыс жасауда.
«Яссы құс» шаруа қожалығының 85 мың бас тауық өсірумен айналысуда. Бұл ірі құс шаруашылығында жалпы 100-ге жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.
— Сонымен қатар, ауылда жаңадан «ШАХДАН» кондитерлік цехы ашылып, 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Оранғай ауылдық округінде инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
- Ауыз су саласы бойынша атқарылған жұмыстар:
Оранғай ауылдық округіне қарасты үш елді мекен – Оранғай, Қосқорған, Бостандық – орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.
— Оранғай елді мекені бойынша ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Ауыз су жүйесін техникалық қызмет көрсету, жөндеу және абоненттермен жұмысты «Сауран су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асыруда.
— Қосқорған елді мекені тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында су жинау орталығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның құны — 159,3 млн теңге. Жұмыстарды орындаған мердігер мекеме — ТОО «TGL Kazakhstan».
Бұл жұмыстар халықты үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған.
- Табиғи газбен қамту бағытындағы жұмыстар:
- Оранғай елді мекені – Ішкі газ жүйесін тарту жұмыстары жүргізілуде.
— Жобаның жалпы құны: 2 884.5 млн теңгені құрап отыр.
— Мердігер мекеме: «KZ Invest Construction» ЖШС
- Бостандық елді мекені – Ішкі газ құбырларын салу жобасы толық әзірленген.
— Жоба құны: 1 146,3 млн теңге.
- Қосқорған елді мекені – Ішкі газ құбырларын салу жобасы әзірленген.
— Жоба құны: 780,1 млн теңге.
Аталған жобалар кезең-кезеңімен іске асырылып, ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамту жұмыстары жалғасатын болады.
- Электр қуаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар:
Оранғай ауылдық округіне қарасты Оранғай, Қосқорған және Бостандық елді мекендерінде электр желілері мен трансформаторлар тозығы жеткен. Бұл бағытта 2025 жылы келесі жұмыстар жүргізілді:
— Оранғай елді мекеніндегі КТП-28 желісіндегі 8 ескі бағана бетон бағаналарға ауыстырылды.
— Бостандық елді мекенінде 2024 жылы 29 бағана ауыстырылды, 2025 жылға 14 бағана жеткізіліп, ауыстыру жоспарлануда.
— Оранғай ауылы, А.Жусупов және Бостандық елді мекені Мешіт көшелеріне трансформатор орнатуға конкурс жарияланды.Алдағы уақытта орнату жұмыстары жүргізіледі.
— 3 елді мекенге орнатылған 14 трансформаторды заңдастыру жұмыстары аяқталуға жақын. Құжаттар дайын болған соң «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгеріміне өткізіледі.
Ірі жобалар:
- Оранғай е/м – Ескі желілер мен бағаналарды жаңартуға ЖСҚ әзірленген. Жоба құны 590,6 млн теңге, республикалық және облыстық бюджетке өтінім жолданып, қаржы қаралуда.
- Бостандық е/м – Электр желілерін жаңарту жобасына ЖСҚ әзірленіп, 595,4 млн теңге қаржы қаралып, бас мердігер: «Ынтымақ Бес-Арыс ЖШС» жақын арада жұмысын бастайды деп жоспарлануда.
- Қосқорған е/м – ескі бағаналар мен электр желілерін ауыстыруға ЖСҚ әзірленген.Жобаның құны 693,1 млн теңге.Құрылыс жұмыстарына қажетті қаражатты бөлуге республикалық және облыстық бюджетке өтінім жолданып, қаржы қаралуда.
Жол мәселесі бойынша атқарылған және жоспарланған жұмыстар:
Оранғай ауылдық округіне қарасты елді мекендерде жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында келесі жұмыстар жүргізілуде:
— Жөндеуді қажет ететін көшелер: Оранғай елді мекеніндегі А.Жусупов, Төле би, Теректі көшелері; Бостандық елді мекеніндегі Мешіт көшесі; Қосқорған елді мекеніндегі Халдарбұлақ көшесі. Жалпы ұзындығы – 12 шақырым жолға ЖСҚ жасалып, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсынылып, сараптамаға жолданды.
— Тас төсеу жұмыстары бойынша:
— Оранғай елді мекеніндегі А.Жусупов көшесіне – 3,7 шақырым, — Бостандық елді мекеніндегі Мешіт көшесіне – 2,8 шақырым,
— Қосқорған елді мекеніндегі Халдарбұлақ, Шабындық, Шаға көшелеріне – 2 шақырым, жалпы 8,5 шақырым жерге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
— Жол қауіпсіздігі бойынша: Түркістан-Кентау тас жолының Оранғай елді мекеніне жылдамдықты өлшейтін 1 дана бейнебақылау камерасы орнатылды. Алдағы уақытта Бостандық елді мекеніне де 1 камера орнату жоспарлануда.
Сондай-ақ, 3 елді мекендегі негізгі көшелердің бұрылыстарына 65 дана аншлаг орнату жұмыстары жүргізілуде.
- Абаттандыру және көгалдандыру бойынша:
— 2025 жылдың басынан бастап «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары жүргізілуде.
— Сенбілік барысында 230 тонна қоқыс арнайы полигонға шығарылды.
— Абаттандыру іс-шарасы аясында 1200 түп қарағаш егілді, 0,70 га жерге құдық қазылып, қоршалды.
— Түркістан – Кентау тас жолы бойындағы талдар бұталанып, жол бойындағы шөптерден, қоқыстардан тазартылды және үйлер мен нысандардың қасбеттері қалыпқа келтіріліп, Оранғай елді мекенінің аркасына әрлеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Қосқорған елді мекенінде балалар және футбол алаңын салуға сметалық құны – 34,2 млн теңге болатын сметалық құжат әзірленіп, қаржысы қаралуда.Алдағы уақытта мердігер мекеме – «Ақ-Мол-Нұр» ЖШС-і жұмысын бастайды деп күтілуде.
Байланыс:
Елді мекендердегі ұялы байланысты жақсарту мақсатында жыл соңына қарай Оранғай және Бостандық елді мекендеріне бір-бірден ұялы байланыс антеннасын орнату жұмыстары жоспарлануда.

